Тарату нүктелерін қолмен тағайындау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Center құрылғыларды тарату нүктелеріне қолмен тағайындауға мүмкіндік береді.

Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау ұсынылады. Бұл жағдайда, Kaspersky Security Center бағдарламасы тарату нүктелеріне қандай құрылғыларды тағайындау керектігін өзі таңдайды. Алайда, егер сіз қандай да бір себептермен тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындаудан бас тартқыңыз келсе (мысалы, арнайы бөлінген серверлерді пайдаланғыңыз келсе), тарату нүктелерінің саны мен конфигурациясын алдын ала есептеу арқылы оларды қолмен тағайындауға болады.

Тарату нүктелері рөлін атқаратын құрылғылар рұқсатсыз қол жеткізудің кез келген түрінен, соның ішінде физикалық тұрғыдан қорғалуы тиіс.

Құрылғыны қолмен тарату нүктесі етіп тағайындау үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Тарату нүктелері бөлімін таңдаңыз.
  3. Тарату нүктелерін қолмен тағайындау параметрін таңдаңыз.
  4. Белгілеу түймесін басыңыз.
  5. Тарату нүктесі етіп жасағыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.

    Құрылғыны таңдау кезінде тарату нүктелерінің жұмысының ерекшеліктерін және тарату нүктесінің рөлін атқаратын құрылғыға қойылатын талаптарды ескеріңіз.

  6. Таңдалған тарату нүктесінің әрекет ету ауқымына қосқыңыз келетін басқару тобын таңдаңыз.
  7. OK түймесін басыңыз.

    Қосылған тарату нүктесі Тарату нүктелері бөліміндегі тарату нүктелерінің тізімінде пайда болады

  8. Оның сипаттары терезесін ашу үшін тізімдегі қосылған тарату нүктесін басыңыз.
  9. Сипаттар терезесінде тарату нүктесінің параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Жалпы бөлімінде тарату нүктесінің клиент құрылғыларымен өзара әрекеттесу параметрін көрсетіңіз:
      • SSL порты
      • Көп мекенжайлық жіберуді пайдалану
      • IP таратудың мекенжайы
      • IP тарату портының нөмірі
      • Қашықтағы құрылғылар үшін тарату нүктесінің мекенжайы
      • Жаңартуларды тарату
      • Орнату пакеттерін тарату
      • Push-серверді іске қосу
      • Push-серверінің порты
    • Әрекет ету ауқымы бөлімінде тарату нүктесі жаңартуларды тарататын аймақты көрсетіңіз (басқару топтары және/немесе желілік орындар).

      Тек Windows операциялық жүйесі жұмыс істейтін құрылғылар өздерінің желілік орындарын анықтай алады. Желілік орынды анықтау басқа операциялық жүйелермен жұмыс істейтін құрылғылар үшін қолжетімді емес.

    • Егер тарату нүктесі Басқару серверінен басқа құрылғыда жұмыс істеп тұрса, Жаңартулар көзі бөлімінде тарату нүктесі үшін жаңартулар көзін таңдауға болады:
      • Жаңартулар көзі
      • Айырмашылық файлдарын жүктеп алу
    • Интернетке қосылу параметрлері бөлімінде интернетке қатынасу параметрлерін конфигурациялауға болады:
    • KSN Проксиі бөлімінде бағдарламаны тарату нүктесі басқарылатын құрылғылардан KSN сұрауларын жіберу үшін пайдаланылатындай етіп орнатуға болады.
      • Тарату нүктелері тарапынан KSN Проксиін қосу
      • KSN сұрауын Басқару серверіне қайта жіберу
      • KSN бұлтына / Жергілікті KSN бағдарламасына Интернет арқылы тікелей қатынасу
      • Жергілікті KSN желісіне қосылған кезде прокси-сервер параметрлерін елемеу
      • Порт
      • UDP портын қолдану
      • UDP порты
    • Егер тарату нүктесі Басқару серверінен басқа құрылғыда жұмыс істеп тұрса, Қосылым шлюзі бөлімінде тарату нүктесін Желілік агент және Басқару сервері үлгілері үшін қосылым шлюзі ретінде конфигурациялауға болады:
      • Қосылым шлюзі
      • Басқару серверінің тарабынан шлюзбен байланысты орнату (шлюз DMZ режимінде болса)
      • Kaspersky Security Center Web Console жергілікті портын ашу
      • Ұялы құрылғылар үшін портты ашу (тек Басқару серверінің SSL түпнұсқалық растамасы)
      • Ұялы құрылғылар үшін портты ашу (екі жақты SSL түпнұсқалық растамасы)
    • Windows домендерінің, Active Directory және IP ауқымдарының сауалнамасын тарату нүктесі арқылы конфигурациялаңыз:
      • Windows домендері
      • Active Directory
      • IP ауқымдары
    • Кеңейтілген бөлімінде тарату нүктесі таратылатын деректерді сақтау үшін пайдалануы керек қалтаны көрсетіңіз:
      • Әдепкі бойынша қалтаны қолдану
      • Көрсетілген қалтаны пайдалану
  10. OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, таңдалған құрылғылар тарату нүктелерінің рөлін атқарады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу